$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде ауыл шаруашылығы саласы дұрыс дамымай отыр – экономист

Оның айтуынша қазір бағаның шарықтап өсуі халықтың ішіп-жеміне байланысты болып отыр

Елімізде ауыл шаруашылығы саласы дұрыс дамымай отыр – экономист

Экономист Ілияс Исаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның 14,5 пайызға жетуіне қатысты айтқан сынын орынды мәселе деп санайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның сөзінше, бізде халық бірінші кезекте тұтынатын себеттің статистикасы дұрыс есептелмейді. 

«Статистика себеттегі азық-түлік бағасы қанша есе өсті, инфлияциялық деңгей қандай межеде болды, соны есептеп шығарады. Бізде осы себетке кіретін тауарлардың құрамы әлі дұрыс есептелмеген. Оны үнемі жаңартып отыру керек. Себебі, тұтыну нарығында да, көтерме саудада да, жекелеген тауарлар үнемі өзгеріп отырады. Оған халықтың талғамы әсер етеді. Тұтыну себетінде 1500-дей тауар болу керек. Оның ішінде ішіп-жем тамақ, киім-кешек, коммуналық қызметтің бағасын қоса есептегенде елдегі инфлияцияның деңгейі әлдеқайда жоғары. Меніңше, киім-кешекке соншалықты сұраныс тумайды. Сәйкесінше баға да тұрақты болады. Қазір халық үшін «арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» демекші, қарны аш жұртқа жылтыраған киімнің қажеті болмай тұр», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір бағаның шарықтап өсуі халықтың ішіп-жеміне байланысты болып отыр. Мысалы қант, сары май, сұйық май, ұн, нан, ет, сүт сияқты күнде тұтынатын тауарлардың бағасы өсіп жатыр.

«Біздің елде кенжелеп қалған салалардың бірі ауыл шаруашылығы дер едім. Мысалы, жылыжай шаруашылығы жүйелі дамымай отыр. Ал халық көкөніс жегісі келеді. Бізге жеміс-жидектің басым бөлігі Ираннан, Әзербайжаннан, Өзбекстаннан келіп отыр. Кейбір деректерге сүйенсек, тұтыну тауарларының 70%-ын импорттап отырмыз. Осыдан кейін әрине баға шарықтап өседі. Оның үстіне енді ұн бағасы қамбаттауы мүмкін. Себебі, бидайды ұн етіп тартатын зауыттар тапшы. Ертеден өнеркәсіп, қайта өңдеу салалары жолға қойылмағандықтан сыртқа тәуелді болып, қымбатшылыққа ұрынып отырмыз. Елдегі макроэкономикалық жағдай белгілі бір топтың мүддесіне қарай құлдырап кетті», - дейді І.Исаев.

Серіктес жаңалықтары