ЛГБТ-насихаттайтын мультфильм Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтін болды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады

ЛГБТ-насихаттайтын мультфильм Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтін болды
Фото ашық дереккөзден

«Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілмейтін болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы жазба арқылы жеткізсем, аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, қазақстандықтар Диснейдің бұл туындысы бір жынысты некені насихаттайды деп санайды. Сонымен қатар белгілі азаматтар мультфильмді ел аумағында көрсетуге болмайды деген пікірлерін айтқан.
Мәселен, актер, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай балаларымызды біржынысты некенің насихатынан сақтау үшін бұл фильмді көрсетпеу керек деп Президентке дейін үндеу жасаған еді.

Жалпы, мультфильм Базз Лайтер атты жас ғарышкердің басынан өткен хикаясын баяндайды. Оның алдын ала үзіндісінде екі қыздың сүйіскен сәті тараған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.