$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев: Кейбір азық-түлік түрлері бірден 80 пайызға қымбаттады

Президенттің айтуынша, Үкімет қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күресіп жатыр

Тоқаев: Кейбір азық-түлік түрлері бірден 80 пайызға қымбаттады

Үкімет пен Ұлттық банктің негізгі міндеті инфляцияны тұрақтандырып, халықтың табысын арттыру болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Үкіметтің қымбатшылықпен күресудегі тиімсіз жұмысын сынаған Тоқаев шенеуніктердің қазіргі жұмысын былай деп сипаттады.

«Бірінші мәселе. Инфяцияны тұрақтандыру. Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселеге айналып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның үстіне, үкіметтен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал шын мәнінде керісінше болуы керек», - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды.

«Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр. Басқа тәсілдер мен идеялар жоқ. мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстанымдар жоқ», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары