$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы қымбатшылық 14,5 пайызға жетті – Тоқаев

Президенттің айтуынша, инфляция 2015 жылғы деңгейден асып түскен

Қазақстандағы қымбатшылық 14,5 пайызға жетті – Тоқаев
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда инфляция күшейіп, көрсеткіш 14,5 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар», - деді Тоқаев Үкімет отырысын аша отырып.

Бірақ осы тұрақты дамуға қарамастан, Тоқаев атап өткендей, инфляция 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түскен. Президент экономикалық дамудың өзге де көрсеткіштерін жария ету үшін сөз кезегін Премьер-министр Әлихан Смайловқа берді.

Серіктес жаңалықтары