Ауа райы: бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады
Республиканың кей өңірінде жаңбыр жаууы мүмкін
Синоптиктер 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуі әсерінен ҚР территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, оңтүстік-шығысында – бұршақ, солтүстігінде түнге қарай тұман болады. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысытарының оңтүстігінде, Түркістан обысының оңтүстігінде, батысында қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел соғып, күші 2-7 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы болады.