ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Батыс Қазақстанда зымыран қалдығы құлады

Зардап шеккендер жоқ

Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданынан зымыран сынығы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік шекарадан үш шақырым жерде құлаған зымыран сынығын шекарашылар тауып алыпты. Бөкей Ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов бұл бөлшек зымыранның жанармай бөшкесі болуы мүмкін дейді. Шенеуніктің сөзінше, ешкім зардап шекпеген әрі сол күні ресейліктер оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген көрінеді.  

Айта кету керек, Бөкей Ордасы мен Жаңақала ауданында ресейлік «Капустин Яр» әскери-сынақ полигоны орналасқан. Сондықтан елді мекен аумағынан түрлі зымыран сынықтары табылып тұрады.

«Біз ештеңе істеген жоқпыз. Ресейдің әскерилері алып кетті. Олардың полигондары біздің территорияда болғандықтан, оқу-жаттығу туралы тұрғындарға ескерту жасалмайды», - дейді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов.