$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 00:58
Жаңалықтар

Қытай АҚШ-ты коронавирусқа қатысты дүрбелең тудырды деп айыптады

Қытайдың СІМ өкілдерінің айтуынша, коронавирсқа байланысты дүрбелеңнің тууына АҚШ әсер еткен

Қытай АҚШ-ты коронавирусқа қатысты дүрбелең тудырды деп айыптады
Фото: reuters.com

Дүйсенбі күні Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ-тың Қытайға коронавирустың жаңа түрімен күресуде ешқандай көмек көрсетпегенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол АҚШ тарапы аурудың таралуына байланысты дүрбелең тудыру үшін бірқатар шара қабылдағанын да айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Ауру таралған сәттен бастап көптеген елдер Қытайға көмектерін ұсынып, қолдау көрсетті. Сол үшін алғыс білдіреміз. Бірақ, менің білуімше, АҚШ Қытайға ешқандай елеулі көмек көрсетпеді. Керісінше, бірінші болып Уханьнан өз консулдығының қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшірді. Елшілік қызметкерлерін Қытайдан алып шығуға бірінші болып ниет білдірді», - дейді ол.

Хуа Чуньиннің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытаймен сауда-саттық жасауға және елге сапарлар жүргізуге шектеу қоймау туралы ұсыныс білдірген соң, АҚШ бірінші болып ҚХР-дың барлық азаматтарына елге кіруге толық тыйым салғанын атап өтті. Сонымен қатар ол «дүрбелеңнің пайда болуы мен таралуына» осы әрекеті әсер еткенін атап өтті.

Айта кету керек, Қытайда қауіпті коронавирустан қаза тапқандар 361 адамға жетті. Вирусты 17205 адам жұқтырған.

Серіктес жаңалықтары