13.07.2022, 01:22
Жаңалықтар
СҚО-да қатты желден ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті
Зардап шеккендер жоқ
Бейнеден кадр
Солтүстік Қазақстан облысында болған дауыл мен жаңбыр Тайынша ауданындағы ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде табиғаттың дүлей мінезі – дауылды жаңбырдың бейнежазбасы тарады. Оқиға 11 шілде күні сағат 15.00 шамасында СҚО Тайынша ауданының Чермошнянка елді мекенінде болған. Қатты дауыл ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкеткен.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, дауыл салдарынан Чермошнянка орта мектебінің аумағы 924 шаршы метр болатын шатыры зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Өйткені бұл уақытта мектепте ешкім болмаған.
Білім ордасы 2008 жылы күрделі жөнделіп, шатыры, жылыту жүйесі ауыстырылған екен.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
