$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маска тағып жүру керек: Алматыда шектеу шаралары күшейтілді

Қала 4 шілдеден бері «сары» аймақта тұр

Маска тағып жүру керек: Алматыда шектеу шаралары күшейтілді
Көрнекі сурет: Almaty.tv

Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы таралуын болдырмас үшін шектеу шараларының күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды:

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру;

- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;

- жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.

«Әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие», - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, оңтүстік астана 4 шілдеден бері эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймақта тұр. Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қоғамдық көлікте, әуе және теміржолмен сапар барысында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жабық орындарда (сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар, банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) бетперде кию ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары