12.07.2022, 11:55
Жаңалықтар
Павлодар облысындағы тасжолда көлік жанып кетті
Өрт сағат 19.39-да ауыздықталып, сағат 19.46-да сөндірілді
Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz
Өрттің шығуына мотор бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 19.17-де Омбы - Майқапшағай автожолында, Байдала ауылының маңында «Lada Priora 2170» автокөлігінің төрт шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен.
«Көлік 2014 жылы шыққан. Иесі – 1994 жылғы азамат. Өрт сөндіргіш (ОП-5) болған, дегенмен пайдаланылмаған», - делінген департамент хабарламасында.
Өрт сағат 19.39-да ауыздықталып, сағат 19.46-да сөндірілді.
Оқиға орнында құтқарушы бөлімшесі және апаттық-құтқаруы қызметі жұмылдырылып, бір техника мен қызметкер жұмыс істеді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды