$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Швейцарияда ФИФА мен УЕФА-ның бұрынғы басшылары Блаттер мен Платини ақталды

Олар жемқорлық бойынша айыпталған болатын

Швейцарияда ФИФА мен УЕФА-ның бұрынғы басшылары Блаттер мен Платини ақталды
Фото ашық дереккөзден

Швейцария соты ФИФА халықаралық футбол федерациясының бұрынғы басшысы Зепп Блаттер мен УЕФА-ның бұрынғы басшысы Мишель Платиниді ақтады. Олар сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген болатын. Алайда сот бұл айыптауды негізсіз деп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС News сайтына сілтеме жасап.

Блаттер мен Платиниге қатысты сот ісі осы жылдың 8 маусымында швейцариялық Беллинцонда басталды.

Прокуратура бұрынғы футбол басшыларын алаяқтық, жалған құжаттар, қаржы жымқыру және қызмет бабын теріс пайдаланғану бойынша айыптады. Әңгіме Платинидің Блаттер бұйрығымен алған екі миллионға жуық швейцариялық франкі (2,08 миллион доллар) туралы болып тұр.

Процесс барысында прокуратура екеуіне де 20 айға шартты мерзім сұраған.

Блаттер мен Платини әлемдегі ең ықпалды футбол федерацияларын 2015 жылға дейін басқарды, одан кейін сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты отставкаға кетуге мәжбүр болды.

"Сіз сот процесіндегі бүкіл шындықты көрдіңіз және бүгін сот бұл шындық екенін мойындады. Сондықтан мен жеті жылдық айла-шарғы, өтірік пен әділетсіздіктен кейін шындықтың шыққанына өте қуаныштымын", - деді 67 жастағы Мишель Платини ақталғаннан кейін.

«Мен ар-ұжданым таза деп әрдайым айттым", - деді сот ғимаратында тілшілерге 86 жасқа толған Блаттер.

"Әрине, ешкім мінсіз емес, бірақ менің FIFA-да 44 жыл жұмыс істеген жағдайда, бұл істі Швейцарияда ең жоғары деңгейде шешу өте маңызды", - деп толықтырды Блаттер.

Серіктес жаңалықтары