$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда биыл 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады

Қала әкімі Алтай Көлгінов тағы  мектеп салынатынын айтты

Нұр-Сұлтанда биыл 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады
Фото: gov.kz

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы тағы 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады. Тағы 11 мектеп салынады. Сол сияқты 3 жыл ішінде елордада 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына деген сұраныс артып келеді. Жоспарлы түрде оқушыларды тиісті оқу орндарымен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған орындарға артылып жатқан артық жүктемені алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет. 3 жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аталған оқу орындары 70 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

Оқу орындары қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы соңғы 2 жылдың өзінде халық тығыз қоныстанған Есіл ауданында 12 мектеп, Алматы ауданында – 7, Байқоңыр ауданында – 4, Сарыарқа ауданында 2 мектеп салынды. Биыл қалада тағы 11 мектеп салынады. Аталған оқу орындары қосымша 20 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Мысалы №65 мектептің (Сарыарқа ауданы) ерекшелігі – мұнда инклюзивті білім беру бар. Бұл мектепте есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда барлығы 3 мыңнан астам оқушы білім алып жүр, бұл оқу орнына жүктелген тиісті жүктемеден асып түседі. Мектептің қуатын арттыру үшін жанынан жаңа корпус салынып жатыр. Ол тағы 1200 оқушы орнын (екі ауысымда) құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ №59 мектеп-лицейінің (Сауран көшесі) аумағында жаңа корпустың құрылысы басталды. Биыл барлығы 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.


 

Серіктес жаңалықтары