Қазақстанда бидай мен ұн экспортына шектеу енгізіледі
Мұндай шектеулер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынды
2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде болмақ», - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.