«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек алдында әлсіздік таныта бастады
Генадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді

Boxing247.com сайты авторларының бірі Роб Смит мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жекте фаворит болмайтынын болжауда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
GGG-мен жұдырықтасуын аяқтағаннан кейін Альварес Дмитрий Биволмен қайта жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Бұған дейін ол мамыр айында Биволдан күтпеген жерден жеңіліп қалған болатын.
«Көптеген жанкүйерлер «Канело» Биволмен реванш өткізбеу үшін сылтау табады деп болжауда. . Қазіргі уақытта Головкиннің апсетті жеңіске ие болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, өйткені Канело 2020 жылдан бері кездесулерде көп ұтылды. Оның төбелесу қабілеті бәсеңдеді, төзімділігі де азайған болуы керек. Ол Биволға қарсы үш раундтан кейін шаршады, әйтсе де олар өте жылдам қарқынмен жұдырықтасқан жоқ», — деп жазылған мақалада.
Еске сала кетейік, қазақстандық Генадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.