$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Италияда ауыз суды үнемдемегендер айыппұл төлейтін болды

Белгіленген мөлшерден тыс су қолданғандарға 500 еуроға дейін айыппұл салынады

Италияда ауыз суды үнемдемегендер айыппұл төлейтін болды
фото: postroy-sam.com

Тіршілік нәрін шамадан тыс қолданған Верона тұрғындарына 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалықтар құрғақшылықтың зардабын байқай бастады. Климаттың өзгеруі, инфрақұрылымның жаңа жағдайға бейімделмеуі мен суды үнемдемеудің соңы қалыпты өмірдің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.

Италияның Верона қаласы басшылығы ауыз суды техникалық мақсатқа, яғни душ, автокөлікті жууға, бау-бақшаны суаруға немесе бассейнді толтыруға тыйым салуға шешім қабылдады.

Суды шамадан тыс көп пайдаланудан Еуропада Швейцария көш бастап тұр. Мұнда тәулігіне әрбір тұрғын 300 литр су жұмсайды. Ал итальяндықтарда бұл көрсеткіш 245 литрді құраған.

Енді Верона тұрғындарына бұл әдеттен арылуға тура келеді. Бірі мұны дұрыс шешім деп қабылдап, сумен қатар газ және электр жарығын да үнемдеу керектігін айтса, енді бірі айыппұлдың тым жоғары екенін алға тартуда.

31 тамызға дейін ауыз суды үнемдемеген вероналықтар  500 еуроға дейін айыппұл төлейді.

Серіктес жаңалықтары