$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді

Синоптиктердің болжамынша 13 облыста дауыл соғады

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, бірқатар өңірлерде жел күшейіп, дауыл соғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. г. Атырау қаласында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Абай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда  найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Павлодар қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарда, 7 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 6 - 7 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, 6 шілдеде таулы аудандарда, 7 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз 7 шілдеде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында күндіз 7 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында жаңбыр, түнде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы