Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай «Elorda Tolqyny» жарысы өтеді
«Elorda Tolqyny» бұқаралық спортты дамытуға және көше спорты түрлерімен айналысатын жастарды біріктіруге бағытталған
Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай, яғни 6 шілде күні сағат 11:00-де Триатлон паркте «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл күні асық ату, ләңгі, арқан тартыс, бес асық, стрит воркаут, шаңғы роллерлері, футбол, стритбол, веложарыс, үстел теннисі, гір спортынан жарыстар өтеді.
Сол сияқты академиялық есу, скандинавиялық жүріс, футбол фристайл, каратэ, спорттық гимнастика және басқа да спорт түрлерінен турнирлер, шеберлік сабақтары, концерттік іс-шаралар өтеді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
Жоба соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.