$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жыл басынан бері 8 адамды ит қауып алды

Ит иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында жыл басынан бері 8 адамды ит қауып алды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында жыл басынан 8 адам ит шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жыл басынан бері иттердің адамға шабуыл жасауының 8 фактісі тіркелді. Адамдарды талаған иттердің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ережелерге сәйкес, жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді жеке ауланың аумағында ұстауы және ауланың кіреберісіне ит бар екені туралы ескерту тақтайшасы болуы тиіс. Әйтпесе, қайғылы оқиғалар болуы мүмкін.

«Павлодар полициясына қала тұрғыны жеке секторда иттің тістеу фактісі бойынша жүгінді. Анықталғандай, әйел үйге бара жатқанда, ит оған қарай ұмтылып, тістеген. Иттің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін бұзғаны үшін 2000-нан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары