$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқандар сотталды

Мемлекетке 265 млн теңгеден астам шығын келтірген

Қарағанды облысында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқандар сотталды
Фото ашық дереккөзден

Жалған шот-фактураларды жазып берген бір топ адам мемлекетке 265 млн теңгеден астам шығын келтірді ҚМА Қарағанды обл. бойынша департаменті Амангелді Қуаныш есімді ұйымдастырушысы бар бір топ тұлғалар тобына қатысты жұмыстарды іс жүзінде орындаусыз, қызмет көрсетусіз және тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша тергеу барысында Амангелді Қ. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде үш серіктесімен алдын-ала келісім бойынша қылмысқа барғаны анықталды.

«Амангелді Қ. пайда алу мақсатында 265 миллион теңгеден астам мөлшерде мемлекетке залал келтірілген салық салынатын айналымды жасанды түрде арттыру үшін бақылаудағы тұлғалар атына 29 кәсіпорын сатып алып, тіркеді.

Сот үкімімен Амангелді Қуаныш, Фуринец Дмитрий, Зинченко Сергей және Амангелді Айдос қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары