$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Болат Жәмішев «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры болып сайланды

Бұл туралы қордың ресми сайты мәлімдеді

Болат Жәмішев «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз директоры болып сайланды
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды. Бұл туралы қордың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына қосу – «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі», - делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қоғамдық кеңесі өткен жылдың желтоқсан айында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылған. Оның құрамына он адам кіреді: азаматтық қоғамның жеті өкілі, қордың үш өкілі.

Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді.

Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады.

Осы жылдары Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Серіктес жаңалықтары