$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда тұрғыны Көкшетауда психотроптық зат таратқан

Күдіктіден 39 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді

Елорда тұрғыны Көкшетауда психотроптық зат таратқан
фото: Polisia.kz

Көкшетауда психотроптық зат таратқан елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіні тінту кезінде ерекше иісі бар ақ, сары және көк түсті ұнтақ тәрізді 88 түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 39 грамнан асатын “а-PVP” психотроптық заты, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Полицейлер анықтағандай, ұсталған азамат бұған дейін елорда аумағында синтетикалық есірткі салумен айналысқан, ал биыл мамыр айында Көкшетауға келген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары