Теміртаудағы қара қар: Экология министрі өнеркəсіп орындарын тексеруді тапсырды
Теміртау тұрғындары қардың суреті мен видеосын әлеуметтік желілерде жариялады
Теміртаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы экологиялық жүктемелерді төмендету бойынша шаралардың орындалып жатқаны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртау тұрғындарының хабарламасына жауап беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Теміртау тұрғындары «қара қар» туралы тағы да хабарлады. Экология департаменті қаладағы табиғатты пайдалану деректері мен қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға жүктемені төмендету шараларының орындалып жатқанын тексереді. Оның нәтижесі жұртшылыққа хабарланады», - деп жазды министр Twitter-де.
Теміртау тұрғындары қардың суреті мен видеосын әлеуметтік желілерде жариялады.