02.02.2020, 14:59
Жаңалықтар
Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті
Еліміз Қытайға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар жіберген
Фото: reuters.com
Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялағанын хабарланған едік.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Бүгінгі таңда Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 14 380-ге жеткен.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды