Қазақстанда ауаны ең қатты ластайтын өңірлер аталды
Ауадағы зиянды қалдықтардың жартысынан астамын Павлодар және Қарағанды облыстарының кәсіпорындары шығарады
Сарапшылар Қазақстанда ауаны зиянды қалдықтармен көбірек ластайтынын өңірлерді атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Energyprom.kz порталының жазуынша, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 2021 жылы 2,4 млн тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға аз көрсеткіш.
«Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың жартысынан астамы Павлодар (736,2 мың тонна) және Қарағанды (569,7 тонна) облыстарына тиесілі болған. Зиянды қалдықтардың айтарлық көлемі сондай-ақ, Атырау (160,3 мың тонна), Қостанай (137,9 мың тонна), Ақтөбе (137,4 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (128,1 мың тонна) облыстарында тіркелді», - дейді мамандар.
Атмосфераға шығарылған 2,4 миллион тонна зиянды қалдықтардың 2,1 миллион тоннасы тек өнеркәсіп саласына тиесілі. Ауаны ластаушы заттардың одан кейінгі көлемі жылумен және энергиямен қамтамасыз ету сегментіне тиесілі — 945,2 мың тонна, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға артық көрсеткіш.
«Өңдеу өнеркәсібі шығарған зиянды қалдықтар 728,1 мың тонна болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға аз көрсеткіш. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу бойынша – 356,6 мың тонна, бұл бір жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға көп. Сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және көму қызметінде ауаға шығарылған зиянды қалдықтар 47,8 мың тонна болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артық көрсеткіш», - дейді мамандар.
Өнеркәсіп секторынан басқа, көлік және қойма кәсіпорындары атмосфераға ластаушы заттардың айтарлықтай көлемін – 114,4 мың тонна шығарған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық.