$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда жыл басынан бері 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

646 тұрғын тұрақты жұмыс орындарына орналасты

Маңғыстауда жыл басынан бері 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау өңірінің өзекті мәселелерінің бірі – халықты жұмыспен қамту. Бүгінде аймақ бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрайды. Жыл басынан бері 11 557 жұмыс орны құрылды, оның 6 741-і – тұрақты.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында 10 мыңнан астам адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның ішінде 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ 2021 жылы «Жұмыс істеймін» өңірлік жобасы басталды. Биыл жергілікті бюджеттен 955,5 млн теңге бөлініп, 646 тұрғын тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы және Жастар тәжірибесінің қатысу уақыты 12 айға, жалақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұған қоса, 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың бизнес-идеяларын іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттардың көлемі 200 айлық есептік көрсеткіштен 400 АЕК-ке дейін көбейтілді.

Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа орналастыру мақсатында қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтары Ресейдің «Татнефть» компаниясымен бірлесіп, 1-3 маусымда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында әңгімелесу ұйымдастырды. Сұхбатқа 531 адам қатысты, бүгінгі таңда 190 тұрғын бойынша оң шешім қабылданды. Оларды кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыру үшін тиісті шаралар қабылданатын болады. Жалпы, компания Татарстан Республикасында, Ресей Федерациясында жұмыс істеу үшін 600-ден астам адамды қабылдауды жоспарлап отыр.

Құрылған жұмыс орындарының тізімі:

«Анвар» гипермаркетінде (Ақтау қ.) 140 жаңа жұмыс орны, «Кран-Сервис» (Ақтау қ.) 68 жаңа жұмыс орны, "Өзенинвест" МКК (Жаңаөзен қ.) 248 жаңа жұмыс орны, "MetallStar" ЖШС (Жаңаөзен қ.) 72 жаңа жұмыс орны, "Кендірлі" Мәдениет үйі (Жаңаөзен қаласы) 60 жаңа жұмыс орны, "Бұрғылау" ЖШС (Жаңаөзен қаласы) 40 жаңа жұмыс орны, "Мұнайспецснаб" ЖШС 30 жаңа жұмыс орны, "Хангелді-К" ЖШС (Бейнеу ауданы) 105 жаңа жұмыс орны, «Капитал-Секюрити" ЖШС (Бейнеу) 152 жаңа жұмыс орны, "Ақтөбе" ПМС ЖШС (Бейнеу) 80 жаңа жұмыс орны, "Бірлік" ПМС ЖШС (Бейнеу) 85 жаңа жұмыс орны, "Дунай" ЖШС (Бейнеу) 40 жаңа жұмыс орны, "Silk way hall" мейрамханасы (Бейнеу) 30 жаңа жұмыс орны, "Мечта" ЖШС (Бейнеу) 23 жаңа жұмыс орны, «Берекет-Ф» ЖШС (Бейнеу) 20 жаңа жұмыс орны, "Aktau Tourism City LTD" жеке компаниясы (Қарақия) 60 жаңа жұмыс орны, "Информ-Систем "ЖШС (Маңғыстау ) 50 жаңа жұмыс орны,"Квант" ЖШС (Маңғыстау) 48 жаңа жұмыс орны, "Жетісу ЛТД " ЖШС (Маңғыстау) 40 жаңа жұмыс орны, "САБЕН " ЖШС (Маңғыстау) 30 жаңа жұмыс орны, "RSR Company" ЖШС (Маңғыстау ) 28 жаңа жұмыс орны, "BS Строй" ЖШС (Маңғыстау) 26 жаңа жұмыс орны, "Каспий-АК" ЖШС (Маңғыстау) 25 жаңа жұмыс орны, "СИБУ-Қызылорда" ИБК ЖШС (Маңғыстау) 18 жаңа жұмыс орны, "ALIM LTD" ЖШС (Түпқараған) 31 жаңа жұмыс орны».

Қалған жұмыс орындары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен құрылды.

Серіктес жаңалықтары