$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы: Семейде үш адам сотталды

Олар «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», сондай-ақ «билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы бойынша сотталды

Қаңтар оқиғасы: Семейде үш адам сотталды
Фото ашық дереккөзден

Семейде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін 3 адам сотталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласындағы қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 3 адам сотталды. 3 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа берілді. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасаған («жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», сондай-ақ «билік өкіліне қатысты күш қолдану»).

«Семей қаласының №2 соты күдіктілер мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арасында жасалған процестік келісіміне сәйкес, сондай-ақ ізгілік қағидаттарын басшылыққа алып, толық өкінгендерін және келтірілген залалды өтегенін ескеріп, 3 адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес үкім шығарды. Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған жердегі бейнежазбалармен, куәгерлердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай айғақтармен дәлелденеді.

Қалған қылмыстық істер өндірісте және аяқталу сатысында, дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары