$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР СІМ санкцияларға байланысты ЕАЭО қызметін трансформациялауды ұсынды

Мұхтар Тілеуберді бұл осы одаққа мүше елдердің экономикасы өсімінің маңызды шарты екенін айтты

ҚР СІМ санкцияларға байланысты ЕАЭО қызметін трансформациялауды ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Еуразиялық экономикалық одақты трансформациялауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі LS агенттігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қақтығысушы тараптар үшін өзара қолайлы шешімдер табудағы диалогқа ашық, татуластырушы ел деген беделге ие болды.

«Алайда соңғы кездегі санкциялық текетірестер шынайы еркін нарық құру үшін ЕАЭО қызметін трансформациялау қажеттілігін талап етеді. Ал бұл осы одаққа мүше елдердің экономикасы өсімінің маңызды шарты болып саналады», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның 2022 жылы ТМД-ға төрағалығының басты бағыты экономикалық ынтымақтастықты арттыру арқылы ұйым жұмысын одан ары тиімді ету болып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ұйымның негізгі міндеттері бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау екенін ескере отырып, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға қатысуы ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан ең маңызды бағыт болды.

Айта кетсек, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-дағы қайталама санкциялар мен тәуекелдер туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның алдағы жұмысы үшін екі бастаманы алға тартты.

Серіктес жаңалықтары