02.02.2020, 11:22
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Тағы бір адам ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Жаңаөзен-Қызылсай автожолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «ЛАДА» басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты 1 ақпан күні болған. Жолда жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, үш адам оқиға орнында көз жұмған.
«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы барды. 1997 жылы туған бір адам бассүйек-мидың жабық жарақатымен Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді», - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды
11.10.2026, 10:00
Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды