$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2020, 10:15
Жаңалықтар

Майк Помпео Қазақстан астанасына келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстан Президентімен кездесуі жоспарланған

Майк Помпео Қазақстан астанасына келді
Фото: баспасөз қызметінен

1 ақпанда кешкі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға іс-сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді», - делінген хабарламада. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жексенбі, 2 ақпанда Помпео республиканың сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар Майк Помпеоның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге сапары 3-7 қаңтар аралығына жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары