$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2020, 09:03
Жаңалықтар

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын жаумайды

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі . 

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де болса антициклонының ықпалында. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын жаумайды. Елдің тек батысы, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың ықпалынан жауын-шашын болуы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейе түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 27 м/с-ке жетеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары