Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Ералы Тоғжанов ПТР-тестіне де қатысты пікір білдірді
Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланбақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабыланған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз», - деді Ералы Тоғжанов.
Ол сондай-ақ, бүгінгі күннің басты мәселесі – екпе жұмыстарын күшейту екенін айтты.
Айта кетсек, бүгінгі таңда еліміз бойынша күн сайын шамамен 100-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың басым көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліп отыр.