$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да рұқсатсыз ашылған 54 қоқыс полигоны анықталды

Ал өткен жылы өңірде санкцияланбаған 363 қоқыс орны табылған

СҚО-да рұқсатсыз ашылған 54 қоқыс полигоны анықталды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында рұқсатсыз ашылған 54 полигон анықталды. Былтыр өңірде санкцияланбаған қоқыс орындарының саны 363-ке жеткен еді. Бұл туралы СҚО Экология департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық түсірілімдері нәтижесінде рұқсат етілмеген 51 қоқыс орны анықталған. Тағы үшеуін волонтерлер тапты.

«Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындарын растау үшін департамент мамандары ол жерлерге барады. Кейін оларды жою бойынша жұмыстар атқарылады. 2021 жылы өңірде рұқсат етілмеген 363 қалдықтарды орналастыру орны анықталды. Олардың 294-і 83%-ы жойылды. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өтініші негізінде Бәйтерек ауылы маңында рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін ұйымдастыру фактісі бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 8 га алаңға өндіріс және тұтыну қалдықтарының рұқсатсыз орналастырылғаны анықталды», - дейді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Серіктес жаңалықтары