Ақтөбеде 900 иттің көзі жойылды
Ол заң шеңберінде жүзеге асып жатыр
Ақтөбеде ит талап, қаза болған 12 жастағы Мадиярдың оқиғасынан кейін, 900 иттің көзі жойылған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арыз-шағым да күрт көбейген. Алайда, мамандар облыс орталығында қанша қаңғыбас ит барын нақты айта алмай отыр.
Оларды уақытша ұстау орындары да аз. Ең үлкен деген панажайдың өзі тек 500 итке арналған.
Мамандар арыз бойынша, бұралқы иттерді аулап, ол жерде тек 5-10 күндей ғана ұстайды.
Залалсыздану жасалып, екпесі егілген соң, қайта бостандыққа жібереді. Ал, адамдарға қауіп төндіретіндерінің көзі жойылады. Ол заң шеңберінде жүзеге асып жатыр.
«2 наурыздан бүгінгі күнге дейін 1 500 ит тек Ақтөбе қаласында ұсталып, жансыздандырылған. Әрине, ол бұрғынғы көлемнен аздау. Бірақ, біздің қазіргі ең басты жұмысымыз – азаматтардыңөз өтініштері бойынша шығып отырмыз немесе полиция қызметкерлерінің өтінішімен», - дейді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.