$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай әуежайына ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған болатын

Қостанай әуежайына ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Фото: kstnews.kz

Қостанайдағы әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысында мәлім етілді.

«Қостанай халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», - делінген құжатта.

Еске салсақ, бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған болатын. Құжат 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

2022 жылы А. Байтұрсынұлының (1872-1937) туғанына 150 жыл толады.

Серіктес жаңалықтары