$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар Анталиядан баспана сатып алғандардың үздік ондығына кірді

Қазақстандықтар Ыстамбұлдан да жылжымайтын мүлікті жаппай сатып ала бастаған

Қазақстандықтар Анталиядан баспана сатып алғандардың үздік ондығына кірді
Фото: aa.com.tr

Анталиядан баспана сатып алатындардың үздік ондығына қазақстандықтар да кірді. Соңғы бес жылда шетел азаматтары тек Анталияның өзінен 41,7 мыңнан астам тұрғын үй сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Түркияның оңтүстігінен жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша алғашқы үштікке  Ресей, Иран және Германия азаматтары кіреді. Helmann компаниясының басқарма төрағасы Селман Өзгүн "Анадолу" агенттігіне Анталия жылжымайтын мүлікке инвестиция салу тұрғысынан Түркияның ең қолайлы аймақтарының бірі екенін айтты. Түркиядан сәнді де, зәулім баспана алушылардың үздік ондығына қазақтар да кірді. Шетелдіктерден қалыспаған қазақстандықтар Ыстамбұлдан да жылжымайтын мүлікті жаппай сатып ала бастаған.

Селман Өзгүннің айтуынша, мұнда қоныстанған шетел азаматтары мен компания құрылтайшыларының саны жағынан да көш бастап тұр.

"Анталиядан ондаған мемлекетке 100-ден астам тікелей рейс қатынайды. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен тұрақты тұруға келеді. Жергілікті және әлемдік брендтердің инвестициялары үздіксіз ағылып жатады", - деді Өзгүн.

Оның сөзінше, Анталияның ерекшеліктерін ескерген халықаралық инвесторлар аймақтың жылжымайтын мүлкіне қаржы салуды сән санап қана қоймай, табыс көзі деп есептейді. 

"2017-2021 жылдар аралығында шетелдіктер бүкіл ел бойынша 206 768 жылжымайтын мүлік сатып алды, олардың 20,2 пайызы Анталияға тиесілі. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде Түркияның туристік астанасында 41 715 жылжымайтын мүлік сатылды. Тұрғын үй нысандарының ең көп санын ресейліктер алды -7 978. Одан кейін Иран азаматтары - 4 396 және Германия - 3 848. Алғашқы ондыққа Қазақстан, Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания және Дания кіреді. Инвесторлардың ең көп саны Еуропа елдерінің азаматтарына тиесілі. Біз инвесторлардың географиясына қарамастан олардың біліктілігіне үлкен мән береміз", - деді Өзгүн.

Компания басшысы бұл тізімнің лидерлерінде Әзербайжан, Иордания, Нидерланды және АҚШ азаматтары да бар екенін атап өтті. Финляндия, Беларусь, Ирландия, Канада, Франция, Израиль және Австрия сияқты елдер де назар аударады, деді Helmann басшысы.

Айта кету керек, соңғы жылдары қазақстандық шоу бизнес өкілдері де Түркиядан үйлі болғандарын әлеуметік желіге жарыса жариялап жатады. Олардың қатарында Қарақат пен Қыдырәлі, Алтынай Жорабеава, Мәдина Садуақасова, Тәуекел Мүслім, Қайрат Нұртас сынды көптеген әншілер бар.

Серіктес жаңалықтары