Тигран Кеосаян Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгені туралы ақпарат тарады

Осыған дейін ҚР СІМ оны Қазақстанға кіре алмайтын жағымсыз адамдар тізіміне енуі мүмкін деп мәлім еткен

Тигран Кеосаян Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгені туралы ақпарат тарады

Ресейдің пропанандисі Тигран Кеосаян Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге қосылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚазТаг-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы КазТаг-қа ақпараты сенімді дереккөз хабарлаған

«БАҚ беттерінде «ұнамсыздар» тізіміне енеді деген ақпарат тараған соң, Кеосаян сол тізімге бірден ілікті. Оған шекарада «қызыл жалауша» қойылды. Бұл тізімде Кеосаяннан бөлек террористермен бірге Қазақстан үшін өзге ұнамсыз элементтер бар», - деп хабарлаған КазТаг-қа осы процедураның мән-жайын анық білетін дереккөз.

КазТаг-тың дереккөзі Кеосаян бұл тізімге енсе де, ол туралы тиісті ережелерге сай ресми түрде хабарланбаған.

«Шын мәнінде бұл өте кең тізім, көбінесе мұндай тізімде террористер мен осы санаттағы өзге де адамдар бар. Енді Кеосаян сол тізімде. Оның осы тізімде екені ресми түрде айтылмайды, өйткені, бұл нормаға жатпайды. Билік бұл тізімге енген әр террористі жеке-жеке айтпады ғой», - дейді дереккөз.

Айта кетейік, сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялап, қазақстандықтар «Украинаға қарасын» деген мағынада мәлімдеме жасаған еді.

Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кеосаян Қазақстанға кіре алмайтын жағымсыз адамдар тізіміне енуі мүмкін деп мәлім еткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.