$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызметкерлерден ақша бопсалаған шенеунік жұмыстан босатылды

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылды

Қызметкерлерден ақша бопсалаған шенеунік жұмыстан босатылды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды», - деп мәлімдеді Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарының жоғары дауыспен қызметкерлерден ақша бопсалаған сәті бейнеленген видеоны жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары