$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЕАЭО-да тұтынушылар құқығын қорғау саласында іс-қимыл бағдарламасы бекітілді

Бағдарламада тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар көзделген

ЕАЭО-да тұтынушылар құқығын қорғау саласында іс-қимыл бағдарламасы бекітілді
фото: www.gov.kz

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы бес елдің министрлері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатты өткен жылдың көктемінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанынан құрылған және оған мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары мен қоғамдық бірлестіктерінің және комиссияның өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы дайындады.

Құжатта халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясаттың негізгі бағыттарын дамыту мен іске асыруға және мүше мемлекеттердің қоғамдық бірлестіктері мен тұтынушылар ұйымдарының қатысуымен трансшекаралық дауларды шешуді қоса алғанда, тұтынушыларды кешенді құқықтық қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешені көзделген.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, бағдарламаның міндеттеріне тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға, ұтымды және тұрақты тұтыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу де кіреді.

Серіктес жаңалықтары