$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан білім беру саласында Орта Азияда лидер десек қателеспейміз – Асқар Ақаев

78 жастағы ғалым – 400 астам монография мен 15 шақты кітаптың авторы

Қазақстан білім беру саласында Орта Азияда лидер десек қателеспейміз – Асқар Ақаев

Қырғыз Республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаев болашақта отатына қайта қоныс аударуы мүмкін. Экс-президент еліне оралған жағдайда немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

78 жастағы ғалым – 400 астам монография мен 15 шақты кітаптың авторы. Арнайы шақыртумен Алматыға келген Ақаев екі күн қатарынан дәріс оқыды. Ресей ғылым академиясының академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақайұлы алдағы уақытта отанына оралғысы келетінін де жасырмады.

«Сөзсіз. Мүмкіндік бар. Өткен жылы Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров өзі шақырып, «бұрынғы жетекшілердің кезінде болған талаптарға нүкте қойып, жол ашып алмайсыз ба?» дегеніне мен қатты риза болдым. Рақмет. Екі рет елге барып, барлық талап-сұрақтарына жауап бердім. Одан кейін маған «ешқандай талабымыз жоқ, барлық істерді жаптық. Жол сізге ашық» деді. Сондықтан еліме жол ашық, келіп-кетіп тұруыма мүмкіншілігім бар. Білім беру саласында Қазақстан қазір Орта Азияда лидер десек қателеспейміз. Бізде ілім-білім саласы артта қалды. Жаңа заманда жаңа технология келіп, өзгеріп жатыр. Сондықтан Қырғызстандағы университетте білім беру саласын көтеруге көмектессем деген ойым бар», - деді Асқар Ақаев.

Ғалымның Әл-Фараби кітапханасында өткен алғашқы көшбасшылық дәрісі «Ежелгі дәуірдегі демографиялық даму көрсеткіші және адамзаттың болашағы» (математикалық модельдеу және компьютерлік болжау) тақырыбын қамтыды. Бүгін студенттер сарайында өткен екінші дәріс «Цифрлық экономика (нұсқалар мен болжамдар)» тақырыбына арналды. Ол өз дәрісінде дамыған озық мемлекеттердің цифрлық экономиканы құрудағы табыстарын талдап, дамушы елдердің экономикалық бағыттарына сараптама жасады.

«Бүгінде дәстүрлі экономикаға қарағанда, ақпарат пен білімге негізделген цифрлық экономиканың математикалық талдауымен қарқынды жұмыс жүргізілуде. Классикалық экономикалық динамика Кобб-Дуглас типінің өндірістік функциясына негізделген, ол үш негізгі факторға – капиталға, еңбекке және технологиялық прогреске байланысты. Ең қиын міндет – технологиялық прогресті модельдеу. Сондықтан технологиялық прогрестің экзогендік және эндогендік модельдерін жасағаны үшін Нобель сыйлығы Р.Солоу мен П. Ромерге берілді. Алайда бұл модельдерде ақпарат өндірісінің динамикасы жоқ», – деді профессор.

Ақаев цифрлық экономиканың бүгіні мен болашағы туралы көзқарасын ұсына отырып, өзі әзірлеген цифрлық дәуірге арналған технологиялық прогрестің ақпараттық модельдері және цифрлық экономикаға арналған өндірістік функция жайлы да баяндады. Оның сөзінше, жаңа технология мен цифрлы экономиканы дамытуда АҚШ пен Қытайдың бәсекелесі шиеленісе түседі. Сондай-ақ ол жуырда елімізде өткен рефередумды жаңа белесті бағындыру жолындағы қадам деп атады.

«Рефередумның өтуімен сіздерді құттықтаймын. Бұл – елді дамытудағы жаңа маңызды қадам.

Орталық Азия аймағында мені бірінші рет бұлайша өте жылы қабылдап, құрметтеп жатыр. Осыған қатты таңдандым. Мен үшін бұл үлкен құрмет. Сол себепті өте бақыттымын. Мен үшін бұл өте зор мәртебе», - деді Қырғызстанның экс-президенті.

Асқар Ақаевтың пікірінше Украина мен Ресей арасындағы жағдай жуырда аяқталады.

Серіктес жаңалықтары