20.06.2022, 22:10
Жаңалықтар
Елорда маңында құрғақ шөп өртенді
Шамамен 1 гектар аумақты жалын шарпыған
фото: baribar.kz
Елорданың Есіл ауданы аумағында 1 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін сағат 15:03-те 101 пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тас жолы бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда құрғақ шөп, қамыс жанып жатқанын анықтады. Өрттің алдын ала болжам бойынша ауданы 1 га құрады, зардап шеккендер жоқ», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған. 17-31-де өрт жартылай ауыздықталды, деп көрсетті ведомстводан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
