Қорғаныс министрі студенттерді әскерге шақыру туралы: Анықтама өткізуі тиіс
Руслан Жақсылықов әскерден кімдердің қандай жағдайда босатылатынын айтты
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов шетелдік жоғары оқу орындарына түскен және балалы болған жас жігіттер әскерге шақырылған жағдайда не істеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біріншіден, мемлекетті қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. 18 жастан бастап кез келген азамат әскери борышын өтеуге міндетті», - деді Руслан Жақсылықов.
Алайда бұл талап міндеттелмейтін де жайттар бар.
«Кейінге қалдыру жағдайларын әскери комиссариат анықтайды. Жастарымыз әскерден бой тасалап, қашып жүрген жағдайлар кездеседі. Алайда, заңды сақтау керек. Ал егер жас жігіт жоғары оқу орнына түскен болса, онда жергілікті әскери басқармаға дер кезінде анықтама өткізуі тиіс. Егер университетке түскені туралы анықтама болса, кейінге қалдыру актісі толтырылады. Балаңыз дүниеге келсе де, құжат өткізуге міндеттісіз. Ал олай етпесеңіз, бәрібір шақыртыласыз, Егер сіз университетке түскен болсаңыз және оқуыңызды кейінге қалдыруға құқығыңыз болса, онда уақытында жергілікті әскери органға құжат тапсыру жеткілікті. Күн тәртібінде онда еш мәселе болмайды», - деді Қорғаныс министрлігінің басшысы.
Алайда ол заңбұзушылық фактілерін жоққа шығармады. Әрбір іс тексерілетін болады деп сендірді Жақсылықов.
«Жастар шынымен ҰБТ тапсырып, ЖОО-ға түсіп, оқуға түсіп, бірақ құжат тапсырып үлгермеген кезде өтініштер түсіп жатады. Өйткені олар жергілікті әскери органдарға тиісті құжаттарды уақытын өткізбейді. Тиісті анықтама беріңіздер, біз мерзімді кейінге қалдыру құқығын береміз», - деп түсіндірді Жақсылықов.