31.01.2020, 09:36
Жаңалықтар
Коронавирус жұқтырғандар саны 10 мың адамға жуықтады
213 адам қайтыс болған
Қытайда тараған коронавирусты жұқтырғандар саны 9 692 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап.
Кеше 7 711 адамның ауырғаны айтылған болатын. Олардың 170-і көз жұмған. Яғни, 1 тәулік ішінде вирус жұқтырған 1 982 адам анықталып отыр.
«30 қаңтар түнгі сағат он екідегі жағдай бойынша 31 провинцияда 9 682 адамның ауру жұқтырғаны расталды. Олардың 1 527-і ауыр халде жатыр. 213 адам қайтыс болған. 171 адам ауруханадан сауығып шықты», - делінген аталған хабарламада.
Бұдан бөлек, Гонконгта – 12, Макаода – 7, Тайваньда – 9 адамның вирус жұқтырғаны белгілі. Тағы 15 238 адамды коронавирус күдігімен дәрігерлер бақылауда ұстап отыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)