31.01.2020, 08:37
Жаңалықтар
Италияда круиз лайнеріндегі жолаушылардан коронавирус анықталды
Қауіпті індет ерлі-зайыпты екі адамнан табылды
Италияда 6 мың жолаушысы бар круиз лайнерінде екі адамнан коронавирус анықталып, кеме Чивитавеккья портында уақытша оқшауланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қауіпті дерт Гонконгтан келе жатқан ерлі-зайыптыдан шықты. Олар қаңтардың 25-і күні Миланға ұшақпен келіп, бірнеше күн бұрын Савона қаласында кемеге отырған. Қазір дертті жұқтырған ерлі-зайыпты оқшауланып, дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізді. Оқиғаға байланысты круиз лайнеріндегі өзге жолаушылардың жағалауға түсуіне шектеу қойылған.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)