31 қаңтарда еліміздің солтүстік өңірінде -30 градус аяз болады
Жұма күні елордада қар жаумайды
31 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Ақмола облысында күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде 21-26 градус аязды көрсетсе, күндіз 12-17 градус аязды болады.
Ақтөбе облысы аумағында күн құбылмалы. Жауын-шашын болмайды, жел жылдамдығы 17-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы 5-10 градус аязды болса, күндіз 3-8 градус аяз болады.
Алматы облысында да күн құбылмалы. Жауын-шашын болмайды, Жалаңашкөл аумағында жел жылдамдығы 18-23 м/с болады. Түнде ауа температурасы 6-11 градус аязды болса, күндіз -2-ден +3 градусқа көтеріледі.
Атырау облысында күн құбылмалы, жауын-шашын жаумайды, көктайғақ сақталады. Ауа температурасы түнде -2-ден +3 градусқа көтеріледі , күндіз 1-6 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында күн құбылмалы, жауын-шашын жаумайды. Түнде 27-32 градус аяз, күндіз 15-20 градусқа дейін суық болады.
Жамбыл облысында да күн құбылмалы, жауын-шашын жаумайды , тұман түседі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-12 градус аяз, күндіз 2-ден +3 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысында күн құбылмалы. Күндіз және түнде қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-ден -5 градусқа дейін сақталады.
Қарағанды облысының аумағында күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады
Қостанай облысында да күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды, тұман түседі. Температура түнде 25-30 градус аяз, күндіз 18-23 градус аяз болады.
Қызылорда облысында күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-ден +5 градус болады.
Маңғыстау облысында күн құбылмалы, күндіз және түнде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-ден +5 градусқа көтеріледі, күндіз 5-10 градус жылы болады.
Павлодар облысында күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 19-24 градус аяз, күндіз 11-16 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысында күн құбылмалы, күндіз қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 19-24 градус аяз, күндіз 11-16 градус аяз болады.
Түркістан облысында күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 5-10 градусқа дейін жылиды.
Нұр-Сұлтанда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 27-29 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз болады.
Алматыда күн құбылмалы, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз -1-ден +1 градусқа жылиды.
Шымкентте күн құбылмалы, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.