$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемде аштыққа душар болғандар қатары 19 млн-ға артады

Судан халқының үштен бірі  бір үзім нанға зар

Әлемде аштыққа душар болғандар қатары 19 млн-ға артады
Фото ашық дереккөзден

Әлемде қазір бір үзім нанға зар адамдар бар. Жыл соңына дейін жер бетінде аштыққа душар болатындар қатары тағы 19 миллионға артады. Сөйтіп, олардың жалпы саны 323 миллионға жетеді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 Деректерге сүйенсек, әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдері көп зардап шегетін түрі бар. Судан халқының үштен бірі  шамамен 15 миллион адам бір үзім нанға зар. Әсіресе елдің батысындағы Дарфур өңірінде жағдай мүшкіл. Тайпалар арасындағы тартыстың кесірінен мұндағы жұрттың 90 пайызы аш. БҰҰ дерегі бойынша елдің мұндай халге түсірген аймақтағы табиғи апаттар, қымбатшылық пен ішкі саяси шиеленістер. Егер күзге дейін осылай жалғаса берсе тек Дарфур өңірі емес, жалпы суданның 40 пайызы аштан қатар түрі бар.

Оңтүстік Суданда да оңып тұрған ештеңе жоқ. 700 мың адам қырылудың алдында тұр. Бұған дейін БҰҰ   елге азық-түлік жеткізуді тоқтатқан еді. Әлемде жанармай мен азық-түлік бағасының шарықтап шыға келуі де өз әсерін тигізбей қоймады. Бірнеше жыл бойы тасқынның егістік алқаптарын тас талқан етіп жатқаны тағы бар. Осының бәрін есепке алған БҰҰ биыл бұл ел ондаған жылдар бойы болмаған ашаршылықтың азабын тартады дейді. 8 миллион адам оның ішінде 1,5 миллион бала аштықпен бетпе-бет келеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әлем #аштық