$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анна Данилина Испанияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Ол өзінің спорттық жолында жұптық сында 26-шы титулына қол жеткізді

Анна Данилина Испанияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге финалда қытайлық Лу Цзя Цинь – жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салды. А.Данилина мен А.Тихонова бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қазақстандық-ресейлік жұп шебер ойнады – 6:2. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Осылайша, Анна Данилина өзінің спорттық жолында жұптық сында 26-ыншы титулына қол жеткізді. Соның 25-ін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстарда жеңіп алса, біреуін биылғы қаңтарда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сидней WTA 250 турнирінде олжалады.

Серіктес жаңалықтары