Қосшыда газ құю бекетінен өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде
Қосшы қаласында өрт сөндірушілер автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасының тұтанған отын сөндірді. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 маусымда сағат 17:20-да Қосшы қаласында автогаз құю станциясындағы артық қысым клапанының іске қосылуы салдарынан газ-ауа қоспасы одан әрі тұтанып, от 5 шаршы метр алаңға дейін таралды.
«Өрт сағат 18-00-де оқшауланып, 18-15-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. № 34 өрт сөндіру бекетінен шығу орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», - деп мәлім етті Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 11 қызметкері мен екі техникасы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды.