$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері электрондық сауда бойынша 772 арыз-шағым түскен

Электрондық сауда бойынша алаяқтық фактілерге қатысты шағымдар да бар

Жыл басынан бері электрондық сауда бойынша 772 арыз-шағым түскен
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтардан электрондық сауда бойынша арыз-шағымдар жиі түседі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Электрондық саудаға қатысты шағымның дені тауар және сатушы туралы ақпараттың болмауы, тауардың берілген сипаттамаға сәйкес келмеуі, интернет-сайттардың тауарды кері алып, ақшаны қайтарудан бас тартуына қатысты. Сондай-ақ электрондық сауда бойынша алаяқтық фактілерге қатысты шағымдар да бар. 2022 жылғы бес айдың ішінде 772 өтініш немесе шағым келіп түсті. Бұл жалпы келіп түскен шағымның 8,3% құрайды», - деді Серік Құсайынов Egov.kz порталында өткен интернет конференцияда тұтынушылардың сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, тұтынушылардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты да шағымдар түседі.

«Атап айтсақ, өтініштер мен шағымдар коммуналдық қызметтердің сапасыз көрсетілуі, тарифтерді негізсіз көтеру, электр энергиясын есептеу құралдарын заңсыз тексеру және ауыстырумен байланысты. Сонымен қоса электр желілерін заңсыз алу және газ тарату компанияларына қатысты шағымдар жиілеп кетті. Биылғы 5 айда аталған сала бойынша 454 өтініш немесе шағым түсті. Бұл жалпы шағымның 5% құрап отыр. Ал өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты 408 өтініш-шағым түскен еді», - дейді ол.

 

Серіктес жаңалықтары