Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады - Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

Azattyq Rýhy

Зардап шеккен нәресте жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады - Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Қазбек Ермағамбетов өз еркімен қызметінен кетті. Бұған кеше осы емдеу мекемесінде дүниеге жаңа келген нәрестенің жерге құлап кетуі себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап. 

Ол басшылық қызметтен кетуге арыз берген, бірақ әлі сол перзентханада жұмыста қалып отыр, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова.

Оқиға қалай болғанын еске сала кетейік. Баланың анасын басқа да жаңа босанған аналармен бірге рентгенге шақырылады. Ал баланың қасында өзі жаңа босанып, әзер қозғалып, әлі қол-аяғын жинап үлгермеген келіншек қалады. Бала қатты жылай бастағанда әйел оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Өзі әлсірей бастағанын сезіп, медбике мен дәрігерді көмекке шақырады. Оның дауыстап шақырғанына ешкім келмейді. Бір кезде әлі кеткен әйел, баланы еденге құлатып алады.

Ж.Садуованың айтуынша, зардап шеккен нәресте жансақтау бөліміне жатқызылып, жан-жақты тексеріліп, УДЗ және КТ жасалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.