$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Тек шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін

 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер бейсенбі, яғни 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл болады, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында - 15-20 м/с жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда ​​облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары